29.05.2023
23:42
1202
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікті ұсталды

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікті ұсталды

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 мамыр сағат 17:00 шамасында 102 кезекші пультіне Жаңаөзен қаласы 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген негізбен шақырту келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК 124-бабы «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша СДТТБТ-де тіркелді.

37 жастағы күдікті УҰИ-ға қамалды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.