501.81
541.5
5.96

Жаңаөзенде екі қабатты ірі сауда орталығы өртенді

видеодан кадр
25 Наурыз, 12:25 627

Түнде Жаңаөзен қаласының 1-шағынауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың барлық ауданына таралуына жол берілмеді. Өрт 300 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.

Осы ретте ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: