Жаңаөзен мұнайшылары видео жолдап, өздерін босатып жатқанын мәлімдеді

12 Сәуір 2023, 00:41 1376

Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстаған болатын. Мұнайшылардың бірі өздерін босатып жатқанын мәлімдеп, видео жолдады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ұсталғандардың бір тобын пойызбен, қалғанын ұшақпен үйлеріне қайтаратыны айтылған. Ал жұмыс мәселесін комиссия арқылы шешіледі. Олар өздеріне қолдау көрсеткен Жаңаөзен халқына алғыс айтып, заңсыз әрекетке бармауын өтініп, алаңнан тарауларын сұрады.

Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасап, халықты сабырға шақырды.

Айта кетейік, сәуірдің 10-ы күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер «Берәлі Маңғыстау» компаниясының 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Ал сейсенбі күні олардың саны екі есеге көбейді.

EL.KZ
Бөлісу: