Жаңадан сайланған сенат депутаты өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Парламент Сенатының Telegram каналына сілтеме жасап.
"Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қатты қайғырып хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады", деп жазылған хабарламада.