Жаңа жылдық oтшашуды қалай дұрыc қoлданған жөн?

31 Желтоқсан 2019, 13:24 4834

Пиротехникалық өнімдерді қолданбас бұрын алдымен нұсқаулығын оқыңыз

Жаңа жыл түнінде әсем көрініс - мерекелік салют пен фейерверктерсіз, сондай-ақ, cан түрлі керемет отшашусыз елестету қиын. Бұл түнде денсаулыққа да зиян келтірмей әрі көңіл-күйді де түсірмей отшашуды қалай дұрыс қолданған жөн? Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Мұхтарұлы Асқаровты сөзге тартқан едік.

«Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі пиротехникалық өнімдерді сату мен сатып алу күрт өсетіні белгілі. Өкінішке орай, кейде бұл өнімдерді қолдану кезінде адамдар жарақат алып жатады», - дейді Альберт Асқаров.

Жарақат - қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудан болады

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Асқаровтың пікірінше, негізінен жарақат алуға сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатып алу және қолдану, сондай-ақ қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау жағдайлары себебінен болып жатады.

Жарақаттану мен денсаулыққа зиян келтірудің алдын алу мақсатында елімізде пиротехникалық өнімдерді сатып алу, сақтау және қолдану кезінде қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды тек ресми сату орындардан сатып алу қажет

Сондай-ақ, оларды осы мақсаттар үшін реттелмеген орындарда (базарлар, дүңгіршектер және басқа да сауда нүктелері) немесе «таныстардан» сатып алуға болмайды. Себебі мұндай жерлерде қолданғанда қауіп төндіретін сертификатталмаған немесе заңсыз бұйымдар сатылуы мүмкін.

«Барлық пиротехникалық бұйымдар (петарда, фейерверк, хлопушка және салюттер) міндетті түрде сертификаттаудан өтіп, оларды қолдану бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулығы болуы тиіс. Нұсқаулық пиротехникалық бұйымға қоса беріліп немесе бұйымның өзінде көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, нұсқаулықта пиротехникалық өнімдерді дайындаушы ұйымның (жеткізуші немесе импорттаушы) атауы мен орналасқан жері міндетті түрде көрсетілуі қажет», - дейді төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Асқаров.

Тауар белгісі бар пиротехникалық өнімдерді сатып алған жөн

«Пиротехникалық өнімдерде сатып алу кезінде орамасына назар аудару қажет. Онда ылғалды және тесілген жерлер, түсініксіз әрі тек шет тілінде жазылған мәтіндер болмауы тиіс, яғни тауар белгісі бар пиротехникалық өнімдерді сатып алған жөн. Бұл - өнімнің сапасына кепілдік береді», - дейді орталық директоры.

Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және қолдану кезінде Альберт Асқаров мынадай ережелерді ұстануға кеңес береді:  

Пиротехникалық өнімдер құрғақ жерде, түпнұсқа (оригинал) орамада сақтау керек. Пиротехникалық бұйымдарды тез тұтанатын заттардың және жылыту құралдарының жанында, ауа температурасы жоғары (30°С артық), ылғалды немесе өте құрғақ үй жағдайында сақтауға тыйым салынады. Сондай-ақ, киім қалтасында және ұзақ мерзім автокөлікте тасымалдауға болмайды.

Алдымен нұсқаулықты оқыңыз

Пиротехникалық өнімдерді қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқу қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды тікелей қолдың немесе дененің басқа бөліктеріне қолдануға болмайды. Оларды бетке және дененің басқа бөліктеріне, сондай-ақ басқа адамдарға бағыттап қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.

Көпшілікке сатылатын барлық фейерверк бұйымдары от өткізгіш бауды (шнур) тұтануы себеп болғандықтан, қолданылатын сымдардағы от өткізгіш бауды (стопин) алдын ала босатып, түзетіп алу қажет.

Көзіңізге абай болыңыз!

Білтені (фитиль) жағу алдында атылатын бұйымның жоғарғы жағына және тұтанып жатқан элементтердің қайдан ұшатынына көз жеткізіп алу қажет. Өйткені жағылған білте жаққа қараймын деп отшашу көзіңізде атылып кетуі мүмкін.

Қауіпсіздіктің ең басты ережесі: отшашу бұйымдарын пайдалануға дейін де, кейін де ешқашан бөлшектемеңіз!

Пиротехникалық бұйымдармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:

- пиротехникалық өнімдерді ересектердің қатысуынсыз балалардың қолдануына;

- пиротехникалық бұйымға механикалық түрде әсер етуге (басу, ұру, соққы, лақтыру т.б.);

- пиротехникалық өнімдерді отқа тастауға;

- пиротехникалық бұйымдарды үй жағдайында қолдануға (бенгаль оты, торт шырақтары мен хлопушкадан басқасы);

- жұмыс істеп тұрған пиротехникалық өнімді қолмен ұстауға (бенгаль оты, торт шырақтары мен хлопушкадан басқасы);

- пиротехникалық өнімдерді ғимараттарға, ағаш құрылыстарына, электр желілеріне жақын және қауіпті аймақ радиусынан аз қашықтықта қолдануға;

- пиротехникалық өнімнен қауіпсіз қашықтықта болмауға;

- пиротехникалық өнімдегі білтені жағу кезінде, сондай-ақ пиротехникалық бұйым жұмыс істеп тұрған кезінде оған жақындауға;

- білтелер өшіп қалған жағдайда оны тағы бір рет тұтатуға;

- пайдаланылған пиротехникалық өнімнің жұмысы аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 минут бойы жақындауға және еңкейіп қарауға.

«Жоғарыда көрсетілген қарапайым ережелерді білу және қатаң сақтау тұрғындардың өзі мен айналасындағы адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге негізделеді. Сондай-ақ, бұл ережелер пиротехникалық өнімдерді сатып алу, сақтау және қолдану кезінде өртті болдырмауға мүмкіндік береді», - дейді А. Асқаров.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының медицина саласындағы төтенше жағдайлар орталығының директоры Альберт Мұхтарұлы бapшaңызды келе жaтқaн Жaңa 2020 жыл меpекеcімен құттықтaп, Cіздеpге жaқcы көңіл-күй мен мықты денcaулық тілейді!

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)

Руслан БЕГЕН
Бөлісу: