Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды

Кеше, 19:11 178

Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылды.

Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

ағаштарды заңсыз кесудің 8 фактісі;

белгіленбеген жерлерде сатудың 574 фактісі;

жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 фактісі.

4,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: