Travel+Leisure тревел-порталы жаңа жылдық демалысқа арналған әлемдегі ең танымал бағытты жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Рейтинг бойынша туристердің таңдауының көшін Рио-де-Жанейро бастап тұр.
Әсіресе қалаға қызығушылық желтоқсан айының ортасынан қаңтардың басына дейін артады екен. Саяхатшылар Бразилияға мерекелік көңіл күйді сезініп, Жаңа жылды әйгілі Копакабана жағажайында қарсы алу үшін барады.
Екінші орында – Кариб теңізіндегі Сент-Люсия аралы. Ал алғашқы үштікті Марокко түйіндеп тұр, мұнда туристердің басты бағыты – ерекше мәдениетімен танымал Марракеш қаласы.