Жаңа жылдың басында Үкіметте кадрлық өзгерістер болады

29 Желтоқсан 2022, 14:30 1464

Бұл туралы Президент Сенат отырысында айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында кадрлық өзгерістер болатыны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолданып жатыр, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті», деді Мемлекет басшысы.

EL.KZ
Бөлісу: