30.12.2024
13:41
1040
Жаңа жылда ауа райы қандай болады

Жаңа жылда ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің ақпаратынша, республиканың басым бөлігінің ауа-райын Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон қалыптастырады, онымен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі: еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 01-02 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ. 31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз - 10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.