Жаңа жылда 3 мыңнан аса құтқарушы кезекшілікке шығады

31 Желтоқсан 2022, 17:11 1141

ТЖМ бөлімшелері күшейтілген режиміне көшті

ҚР ТЖМ бөлімшелері жаңа жылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түнде 3 мыңнан аса құтқарушы кезекшілікке шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарының ықтимал төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мереке және демалыс күндері Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды.

ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр, оның ішінде 3 000-нан астамы жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқаруда. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері.

Сонымен қатар, шамамен 1 200 бірлік құтқару техникасы жедел ден қоюға дайындықта тұр.

Барлық бөлімшелерде күштер мен құралдар тексеруден өткізілді.

ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

EL.KZ
Бөлісу: