Жаңа жыл қарсаңы – демалыс пен мерекеге дайындық уақыты ғана емес, табысты арттыруға берілетін қысқа, бірақ тиімді мүмкіндік. Бірі сыйлық іздесе, енді бірі мерекелік қызметке тапсырыс береді. Осы кезеңде сұраныс күрт өсетін қызметтер мен тауарлар арқылы қосымша кіріс табуға болады.
Жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған мерекелік құттықтаулар өте сұранысқа ие.
2025 жылы Алматыда бір шығу 27-75 мың теңге, Астанада 27-110 мың теңгеден жоғары. Премиум қызметтер (трансфер, фото) қымбатырақ. Жаңа жыл түні баға екі есе артуы мүмкін. Әлеуметтік желілер немесе агенттіктер арқылы клиент табуға болады.
Егер сіз қолөнермен айналыссаңыз, жаңа жылдық әшекейлер, сыйлықтар немесе ойыншықтар жасап сата аласыз.
Алматыдағы жәрмеңкелерде өнімдердің сапасына байланысты аптасына 100 000-300 000 теңге табуға мүмкіндік бар. Символы жылқыға байланысты заттар сұраныста. Осылайша үйден шықпай-ақ жұмыс істеуге болады.
Қалай сатуға болады:
Instagram, TikTok, WhatsApp, маркетплейстер (Kaspi, OLX)
Дәмді тағамдар, торттар немесе салаттар дайындасаңыз, оларды сату – жақсы идея. Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарханға арналған өнімдерді жиі іздейді.
Бір күнде 20 000-150 000 теңге табуға болады, әсіресе әлеуметтік желілерде жарнама жасасаңыз. Қосымша, жеткізу қызметін ұсынуға болады.
Мерекеде адамдар қонаққа барады, сондықтан такси немесе жеткізу қызметіне (inDrive, Yandex) сұраныс жоғары.
inDrive сияқты платформаларда жұмыс істеп, күніне 20 000 теңгеден аптасына 200 000 теңгеге дейін табуға болады. Егер көлігіңіз болса, бұл оңай қолжетімді.
Дүкендерде, мейрамханаларда мерекелік маусымда қосымша қызметкерлер қажет. Даяшылар немесе жеткізушілер әдеттегіден көбірек табады.
Сондай-ақ мерекеде саяхаттайтындардың үй жануарларын күту – жақсы қызмет. Қазақстанда мұндай жұмыстар үшін аптасына 50 000-150 000 теңге табуға болады.
Компаниялар мен жеке тұлғалар үйлерін безендіруге қызмет іздейді. Дизайнер немесе көмекші болып, бір жобаға 50 000-200 000 теңге алуға болады.
Әсіресе Алматы мен Астанада сұраныс жоғары.
Дүкендерде немесе үйден орау қызметі де сұраныста. Премиум орау үшін бір сыйлыққа 5 000-20 000 теңге. Жәрмеңкелерде немесе онлайн жарнама арқылы клиент табуға болады.
Базарларда шырша сату немесе жеткізу қызметі сұраныста. Бір шырша сатудан 10 000-50 000 теңге пайда табуға болады. Пиротехника да сұраныста, бірақ рұқсат қажет.
Корпоративтерге аниматорлар, ойындар ұйымдастыру. Бір іс-шараға 50 000-150 000 теңге қаражат кетеді.
Егер сіз кәсіби камерамен жұмыс істей алсаңыз немесе фото-видео түсіріп, оны өңдейтін дағдыңыз болса, онда қалтаңызды қомпайтуға дайын болыңыз. Өйткені мерекелік отбасылық фотосессия немесе корпоратив, бейнебаяндарға сұраныс жоғары.
Бір түсірілім үшін 25 000-70 000 теңге немесе 5-8 күнде 200 000-400 000 теңгеге дейін табыс табуға болады.
Жаңа жыл қарсаңында Аяз ата болу үшін костюмді үйде өзіңіз дайындауға болады. Бұл арзанға түсетіндіктен, сұраныс жоғары болады. Костюм негізінен ұзын шапан, қалпақ, қолғап, белбеу, сақал және таяқтан тұрады. Тігін дағдысы болмаса да, қарапайым үлгілермен жасай аласыз. Егер тігін машинасы болмаса, қолмен ыстық желім арқылы жабыстырып тігуге болады.
Сол сияқты Ақшақар киімі де жаңа жылдың ең әдемі және сұлу образы болып саналады. Әсіресе Аяз атаға жұп болып құттықтауға шығуға болады. Ақшақардың негізгі киімі – ұзын, кең шубка немесе приталды көйлек.
2025 жылы ірі қалаларда (Алматы, Астана) табыс жоғары, аптасына 200 000-800 000 теңге, күш-жігерге байланысты. Ең табысты – Аяз ата және безендіру қызметтері. Орташа – 300 000 – 600 000 теңге аралығында.
Жаңа жыл қарсаңында табыс табу мүмкіндіктері өте көп. Ең бастысы – өзіңізге ыңғайлы бағытты таңдап, әрекет ету. Әлеуметтік желілерде жарнама жасаңыз, OLX немесе жәрмеңкелерді пайдаланыңыз. Заңдылықты сақтаңыз, қауіпсіздікті ұмытпаңыз.
Бұған дейін жаңа жылда не сыйлау керегін және барлық жасқа арналған трендтегі идеяларды жазған едік.