Жаңа жыл қарсаңында ІІМ басшысы елордалық полиция бөлімшелерін тексерді

1 Қаңтар 2023, 13:35 1186

Марат Ахметжанов қарамағындағылардың қалай қызмет атқаратынын және жол қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Азаматтардың өтініштерін уақтылы қабылдау, оқиға орнына нарядтардың келуі, азаматтарымызға жедел көмек көрсету сіздердің іс-әрекеттеріңізге байланысты. Азаматтар полицияның олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тыныштықты қорғайтынына сенімді болуы керек, – деді ведомство басшысы.

Бас полицейдің айтуынша, елдегі жағдай тұрақты. Қазақстан бойынша 24 мыңнан астам Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Тек Астана бойынша Жаңа жыл қарсаңында көшелерде мыңдаған қызметкер жұмыс істейді. Жедел басқару орталығы қаладағы жағдайды бақылауда. Нарядтар келіп түскен барлық қоңырауларға жедел ден қояды.

Марат Ахметжанов полицияның кезекші нарядтарын Жаңа жылмен құттықтады. Ол барлық қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақыт тілей отырып, полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салатынын жеткізді. 

EL.KZ
Бөлісу: