Жаңа жыл мерекесі – отбасы мен жақын достарды бір дастарқан басына жинап, көңілге жылу сыйлайтын шақ. Осындай сәттерде бірге отырып көретін жақсы фильмнің орны бөлек. Ендеше бүгін көңіл көтеріп қана қоймай, жүрекке жылулық ұялататын, естен кетпес әсер сыйлайтын кинотуындылар мен анимациялық фильмдер тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
1990 жыл, АҚШ
Режиссері – Крис Коламбус
Рөлдерде: Маколей Калкин, Джо Пеши, Дэниел Стерн
Бұл фильмсіз Жаңа жылды елестету қиын. Әбігерге толы мерекелік сапар кезінде бір отбасы Кевин есімді ұлын үйде ұмытып кетеді. Ал бос қалған үйге көз тіккен ұрылар баланың тапқырлығымен бетпе-бет келеді. Күлкі мен қызыққа толы бұл туынды жыл сайын көрсең де жалықтырмайды.
Айта кетейік, фильмнің екінші бөлімі мен ремейкі де бар.
1975 жыл, КСРО
Режиссері – Эльдар Рязанов
Рөлдерде: Андрей Мягков, Барбара Брыльска, Юрий Яковлев
31 желтоқсан десе, көпшілік ең алдымен осы фильмді еске алады. Моншадағы достық отырыс аяқ астынан күтпеген оқиғаға ұласып, басты кейіпкер Ленинградта бөтен пәтерде оянады. Күлкі мен мұң, махаббат пен ирония астасқан бұл туынды әлдеқашан халық арасында классикаға айналған.
«Шыршалар»
2010 жыл, Ресей
Режиссерлері: Тимур Бекмамбетов, Александр Войтинский, Александр Андрющенко
Бұл фильмнің бірнеше бөлімі бар, алайда шынайы жаңа жылдық атмосфераны бірінші бөлімінен табасыз. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан Варя есімді қыз өзін ел басшысының қызы ретінде таныстырып қояды. Осы бір өтірік күллі елді байланыстыратын «алты қол алысу» теориясын іске қосып, бір түнде бірнеше тағдырды тоғыстырады.
2000 жыл, АҚШ – Германия
Режиссері – Рон Ховард
Рөлдерде: Джим Керри
Барлығы Рождествоға дайындалып, абыр-сабыр болып жатқанда, жасыл түсті Гринч бұл мерекені жек көреді. Тауда жалғыз тұратын ол бір күні Рождествоны мүлде жойып жіберуге бел буады. Бірақ жүрек жылуын ешқандай айла жеңе алмайтынын бұл фильм тағы бір мәрте дәлелдейді.
1971 жыл, КСРО
Ішек-сілеңді қатыратын, есте қаларлық комедия. Қауіпті қылмыскерден аумайтын балабақша тәрбиешісі оның сыбайластарымен тіл табысып, ұрланған қазынаның орнын анықтауы керек. Евгений Леонов сомдаған қос образ көрерменді әлі күнге дейін жалықтырған емес.
1961 жыл, КСРО
Аспаздық училищені енді ғана бітірген Тося Сібірге жұмысқа келеді. Қарапайым, аңғал қыздың жүрегін жаулау үшін жергілікті сымбатты жігіт бәс тігеді. Алайда шынайы сезімнің ешқандай ойынға бағынбайтынын бұл фильм ерекше әзілмен жеткізеді.
2006 жыл, АҚШ
Режиссері – Нэнси Майерс
Рөлдерде: Кэмерон Диас, Кейт Уинслет, Джуд Лоу, Джек Блэк
Жаңа жыл қарсаңында көруге таптырмас романтикалық фильмдердің бірі. Англияда жайлы коттеджде тұратын журналист Айрис сүйіктісінің өзгеге көңілі ауғанын біліп қояды. АҚШ-та тұратын жарнама агенттігінің иесі Аманда да жеке өмірінде тығырыққа тіреледі. Тағдырдың тосын сыйы екеуін бір сайтта тоғыстырып, олар екі аптаға үйлерін ауыстырып тұруға келіседі. Бұл шешім олардың өмірін түбегейлі өзгертіп, жаңа сезімге жол ашады.
1956 жыл, КСРО
Қыстың қақ ортасында бәйшешек талап еткен ерке патшайымның қыңырлығы бір қыздың тағдырына әсер етеді. Орманға жіберілген бейшара қыз он екі аймен кездесіп, мейірім мен әділдіктің жеңетінін көрсетеді. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін ортақ ертегі.
Ұлыбритания, АҚШ, 2019 жыл
Мелодрама, драма, комедия
Ұзақтығы: 103 минут
Лондонда рождестволық дүкенде жұмыс істейтін Кейт тұйық, жалғыз өмір сүреді, отбасымен де тіл табысуы қиын. Бір күні оның өмірінде Том есімді жігіт пайда болады. Ол тым мінсіз көрінеді. Бірақ дәл сол мінсіздік Кейтті өмірге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Бұл – екінші мүмкіндік, кешірім мен үміт туралы әсерлі хикая.
Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, 2013 жыл
Жанры: Қиял-ғажайып, комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 23 минут
Эльф Бернард – Санта-Клаустың ең сәтсіз көмекшілерінің бірі. Бірақ дәл соның мойнына бүкіл Рождествоны құтқару міндеті жүктеледі. Белгісіз жау уақытпен жүре алатын сиқырлы шананы ұрламақ. Ал Бернардқа батылдық танытудан басқа амал жоқ.
АҚШ, 2005 жыл
Жанры: Мюзикл, фэнтези, комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 55 минут
Кедей отбасынан шыққан Чарли алтын билетке ие болып, аты аңызға айналған шоколад фабрикасына кіреді. Бұл – тәттілерге толы ғана емес, қауіпті әрі ғажайып әлем. Тим Бёртонның қиялы балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды.
АҚШ, 2024 жыл
Жанры: Қиял-ғажайып, комедия, фэнтези, детектив
Ұзақтығы: 123 минут
«Қызыл» деген құпия атпен белгілі Санта-Клаусты біреулер ұрлап кетеді. Солтүстік полюстің қауіпсіздік қызметінің басшысы әлемге әйгілі жалдамалы аңшымен күш біріктіріп, Рождествоны құтқару үшін жер шарын аралайды. Экшн мен әзілге толы заманауи ертегі.
Испания, Ұлыбритания, АҚШ, 2019 жыл
Жанры: Қиял-ғажайып, драма, комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 36 минут
Жалқау әрі өзімшіл Джесперді алыс бір қалаға пошта жұмысын жолға қоюға жібереді. Ондағы тұрғындар бір-бірімен қырқысып жүреді. Бірақ Джеспер мен жұмбақ Клаус бірлесіп, адамдардың жүрегіне мейірім ұялатады. Бұл мультфильм – жақсылықтың қалай пайда болатынын түсіндіретін терең туынды.
АҚШ, Канада, 1994 жыл
Жанры: Фэнтези, комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 33 минут
Ойыншық сатушы Скотт Кэлвин кездейсоқ Санта-Клаусты шатырының үстінен құлатып алады. Енді ол еріксіз Солтүстік полюстің басты кейіпкеріне айналады. Балаларға да, ата-аналарға да қызық отбасылық фильм.
КСРО, 1956 жыл
Жанры: Мюзикл, комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 18 минут
Мәдениет үйінің ұжымы Жаңа жыл кешін ұйымдастыруға кіріседі. Алайда уақытша директор болып тағайындалған Огурцов мерекені ресми жиналысқа айналдырғысы келеді. Бұл – көңілді әндер мен жастық жігерге толы классика.
АҚШ, Аустралия, 2004 жыл
Жанры: Қиял-ғажайып, фэнтези
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Санта-Клаусқа сенбейтін бала сиқырлы пойызға мініп, Солтүстік полюске жол тартады. Бұл фильм сенім мен ғажайыптың бар екенін еске салады.
АҚШ, 2009 жыл
Сараң әрі жалғыз Скрудж Рождествоны жек көреді. Бірақ бір түнде оған өткеннің, бүгіннің және болашақтың рухтары келіп, өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Чарльз Диккенстің мәңгілік шығармасының әсерлі экранизациясы.
Ресей, 2012 жыл
Эмоциясыз жаңа әлем құрғысы келген Қар ханшайымына қарсы Герда батылдық танытады. Ол бауыры Кайды құтқару үшін қауіпті сапарға аттанады.
АҚШ, 2013 жыл
Сиқырлы күшке ие Эльза өз қабілетінен қорқып, оқшауланады. Ал оның сіңлісі Анна мәңгілік қысты тоқтату үшін жолға шығады. Достық, махаббат және құрбандық туралы жүрекке жылы ертегі.
АҚШ, Үндістан, 2012 жыл
Бұл мультфильмде Пасха қояны, Тіс перісі, Құм адамы мен Аяз ата бірігіп, балалардың арманы мен сенімін қорғауға атсалысады. Басты тақырып – достық пен ғажайыпқа сену.