29.08.2025
06:39
580
Жаңа Зеландияда есірткінің рекордтық көлемі тәркіленді

Жаңа Зеландияда есірткінің рекордтық көлемі тәркіленді

Жаңа Зеландия полициясы ел тарихындағы ең ірі сұйық экстази партиясын тәркіледі. Оның қара нарықтағы құны 8,2 миллион долларды құрайды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қылмыстық полиция инспекторы Даррин Томсонның айтуынша, бұл тәркілеу ел үшін рекордтық көрсеткіш болды. Барлығы 1 950 кг гамма-бутиролактон (көбіне «сұйық экстази» деген атпен белгілі) тәркіленген.

«Гермес» атауын алған арнайы операция алты айға созылып, кеден қызметі және өзге де күштік құрылымдардың қатысуымен жүргізілді.

Сонымен қатар операция барысында жалпы салмағы 10 кг-нан астам болатын метамфетаминнің бірнеше партиясы да тәркіленді. Оның құны 2,2 миллион доллар деп бағаланып отыр.

Жасы 38 бен 75 аралығындағы төрт ер адам қамауға алынып, Веллингтонның округтік сотына жеткізілді.