Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламаған медицина ұйымдары жазаланады – ІІМ

20 Наурыз, 12:27 588

Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Министр «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін атап өтті.
Сөзінше, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады, - деді Ержан Саденов.

Миражан Махан
Бөлісу: