Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "Іскерлік әкімшілдендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.
2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.
2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.
2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.
Мемлекеттік наградалары: "Ерен еңбегі үшін", "Тәуелсіздікке 20 жыл" медальдары және "Салық қызметінің үздігі".