Жаңа оқу жылында үш ауысымды қанша мектеп жұмысын бастайды

6 Тамыз, 12:48 415

Үкімет баспасөз брифингінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үш ауысымды мектептерге қатысты мәселеге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрі 1270 мектептің оқушылары күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерде жаңа оқу жылын бастауға мәжбүр екенін айтты.

Бүгінгі күні 106 мектеп үш ауысымды болып отыр. Биылдың өзінде 92 үш ауысымды мектептің мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Ал 1290 мектеп деп отырғанымыз, бұл заманауи күрделі жөндеуді және тиісті пәндік кабинеттермен жабдықтауды қажет ететін мектептердің санын анықтап отырмыз. Яғни елімізде қалған мыңнан аса мектептің барлығын заманауи үлгіге жеткізу. Осы мәселені біз жоспарлаудамыз. Бұл мәселені 2025-2026 жылдары аяқтауды көздеп отырмыз, – деді Ғани Бейсембаев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: