Жаңа ипотекалық бағдарлама: кімдер қатыса алады?

18 Наурыз, 11:42 2183

Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады.

Жаңа бағдарламаға қатысушылар: 

- жұмыс істейтін жастар;

- жас отбасылар;

- тұрғын үй төлемдерін алушылар;

- банк салымшылары;

- моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. 

Жаңа бағдарлама аясында бір жылдың ішінде 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайту қарастырылған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда ауыл мен аудан халқына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды тапсырған еді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: