Жаңа институттың құрылғаны халық пен билік арасындағы алтын көпір – сарапшы

15 Маусым 2022, 15:16 1446

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойып, оның ережесі мен құрамын бекітті. Ұлттық құрылтайға барлығы 117 адам мүше болды,- деп хабарлайды El.kz.

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев жаңа институттың құрылғаны халық пен билік арасындағы алтын көпір екенін айтады. Құрылтай бұған дейін де қазақ даласында «Дала демократиясы» кезеңінен-ақ пайда болған, дейді. Осылайша өзекті мәселе мен өткір ойлар да құрылтайда талқыланып, оң шешімін тауып отырған.

– Жаңа Қазақстанның жаңа құрылтайдан басталғаны бізді қуантып отыр. Құрылтай құрамында саясаттанушы, депутат, ғалым, мемлекеттік қызметкер секілді түрлі сала өкілдері бар. Жаңа бастама – түйіткілді мәселенің шешу жолдары мен тың идеяларды билікке жеткізудің жаңа тетігі болмақ. Еліміздің геосаяси жағдайы мен экономикалық мүддесінен зор үміт күтеміз, - деді саясаттанушы.

Бақытнұр Бейсенбай
Бөлісу: