Жәмила Бақбергенова жартылай финалда белдеседі

20 Сәуір, 14:16 1028

Күрес түрлерінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Жәмила Бақбергенова жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәмила алдымен Қытайлық Тайпей, кейін Өзбекстан құрамасының балуандарын жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтіп отыр. 

Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Ешімова (53 келі) мен Лаура Ғаниқызы да жартылай финалға жолдама алған еді. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: