Жәмилә Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты

29 Қазан, 21:31 455

Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз 72 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригты ұтты. Есеп ­– 8:6.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Жәмилә молдовалық сосын чех балуанынан басым түскен.

Жәмилә Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.

Енді бозкілем шеберіміз ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: