Жәмила Бақбергенова қола медаль үшін таласады

21 Қыркүйек 2023, 07:24 1142

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында отандасымыз Жәмилә Бақбергенова жартылай финалда моңғол қызына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Ол 72 келіге дейін салсақта Моңғолия мықтысы Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған (11-0). 

Жәмилә осыған дейінгі екі бірдей әлем чемпионатының финалында күрескен. 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлдегермен қайтқан. 

Айта кетейік, Бақбергенова жарыс күнін 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагидың жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан айласын асырды (7-1). Бүгін Жәмилә қола жүлде үшін күреседі.

Берік Арманов
Бөлісу: