Жәмила Бақбергенова - әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері

31 Қазан, 00:30 369

Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 72 кг дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде ұтылып қалды. Есеп: 6-10.

Бұл 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы 4-ші медалі. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.

Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.

Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері - Нұрсұлтан Теміров.

Зарина Арман
Бөлісу: