«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы вегетация кезеңінде өңірдің шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету үшін 1,024 млрд текше метр су алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Су беру бойынша жалпы 3 903 келісімшарт жасалып, 78,3 мың гектар егіс алқабы суарылған.
Келісімшарттар негізінде облыста негізінен көпжылдық шөптер, көкөністер мен жүгері өсірілді. Диқандар мол өнім алғанын айтып, Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыстарын білдіріп отыр.
«Көктөбе» шаруа қожалығының басшылары Алтынбек Саяхов пен Бақытгүл Қадирова биылғы құрғақшылыққа қарамастан, картоп өнімінің екі есе артық шыққанын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл ең алдымен дер кезінде су жеткізіп берген «Қазсушар» ұжымының еңбегі мен министрліктің қолдауының арқасында мүмкін болды.