29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖамбылдық полицейлер қару-жарақтардың жасырын орындарын тапты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының полицейлері қаңтар айының 27-29 күндері аралығында тағы да жасырын қару-жарақ орындары анықталды. Тараз қаласы 2-ПБ полиция қызметкерлері мен ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды.
Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды.
Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды. Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2 және 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек