27.07.2023
15:00
1497
Жамбылдық полицейлер ПД ғимаратынан ұрланған қарудың жасырылған үш ірі орнын анықтады

Жамбылдық полицейлер ПД ғимаратынан ұрланған қарудың жасырылған үш ірі орнын анықтады

Жамбыл облысы полиция департаменті қызметкерлері қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеуге қатысты үздіксіз жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Тектұрмас” этнотарихи кешенінің аумағында полиция қызметкерлері ашық алаңнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қапшықтарды тапты. Қапшықтардан қаңтар оқиғалары кезінде ПД ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі пулемет- тапанша, 20 мм калибрлі ТОЗ-120 бір ұңғылы тегіс оқпанды аңшы мылтығы, ТОЗ-63 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығының екі бірлігі, 4,5 мм калибрлі МР-654 пневматикалық тапаншасы, ИЖ-79 газ тапаншасы, РГД-5 қол гранатасы, АК-47 автоматының оқжатары, түрлі калибрлі 87 патрон және арнайы құралдар табылды.

Сондай-ақ Тараз қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы көшелердің біріндегі қоқыс арасына жасырылған 16 калибрлі ИЖ-ЗК мылтығын, ТТ ЛИДЕР травматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 23 оқ-дәрі, АКСУ автоматының оқтамасын, полицей каскасын, оқ өтпейтін жилет, резеңке таяқша және полицей қалқаны тапты.

Қазіргі уақытта осы деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иелену, дайындау, беру, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.