Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған жарылыста химиялық күйік шалған екі жұмысшының біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, зауытта итеруші болып жұмыс істейтін Данияр Ормановтың денесінің 22 пайызын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр.
Ал цехтың шикізат дайындау жөніндегі жетекші инженері Шахадияр Қалдыбай 15 пайыз күйікпен жалпы бөлімге жатқызылған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.
Жамбыл фосфор зауытындағы жарылыс фактісі бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу амалдары еңбек инспекциясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Екі жәбірленуші де ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысы бақылауда, – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары