22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖамбыл облыстық полиция департаментінің «Киберпол» арнайы бөлінісінің және Сарысу АПБ қызметкерлері интернет алаяқтық бойынша бірнеше рет қылмыс жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желі арқылы қолма-қол ақша шешіп беруге уәде еткен Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғынынан заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екі ұялы телефон тәркіленді.
Интернет алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдыра отырып, «Жаңатас-Сауда» телеграмм тобы арқылы күдікті азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8 пайызбен ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген.
Жәбірленушілер алаяққа қашықтан төленген шоттар бойынша QR коды арқылы онлайн төлем жіберген. Осыдан кейін алаяқ реквизиттерді пайдаланып, жеке кәсіпкердің әртүрлі шоттарынан ақша алған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған азамат интернеттегі алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінген. Жалпы келтірілген залал көлемі – 4 млн 500 мың теңге. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі, яғни алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр. Істің мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев