Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

27 Маусым 2022, 15:20 2045

Толассыз жауған бұршақ пен нөсер жауын салдарынан бірнеше ауылды сел шайған

Қордай ауданындағы сел шайған бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғи апаттан келген шығын 135 миллион теңгеден асқан. 

Арнайы құрылған комиссия мәліметінше, 169 қой-ешкі, бірнеше жылқы, сиыр және 400-ге тауық жоғалған. Ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан. Ауыл тұрғындарының барлық шығынын мемлекет өтейді.

Бөлісу: