Жамбыл және Түркістан облыстарында жолдар жабылды

14 Желтоқсан 2023, 17:22 1961

Соңғы күндері еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. 

Соңғы кезде температураның жылынуына байланысты солтүстік өңірлерде шектеулер азайса, оңтүстік өңірлерде температураның төмендеуіне байланысты жолдар жабылды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында бұған дейін енгізілген шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Мысалы, Күйік пен Машат асуларында бүгінде ауа-райы тұрақсыз болып тұр. Желдің екпіні сағатына 40-42 шақырымға жетеді, жолда түк көрінбейді. Осыған байланысты көлік құралдарының кептелісін болдырмау үшін Жамбыл және Түркістан облыстары жағынан асулар жабылды. Соған байланысты Жамбыл облысында 600 көлікке дейін, Шымкент қаласы жағынан 100-ге жуық көліктер тұрып қалғаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару жұмыстарына кірісіп кетті, - деді вице-министр.

Бүгінгі таңда елдің солтүстігінде ауа-райы тұрақтанып, шектеу шаралары ауа температурасы төмендеген кезде, яғни түн мезгілінде ғана қолданылады. Күндізгі уақытта жолдармен жүру қамтамасыз етілген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: