Жамбыл тұрғыны әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзіне қол салмақ болған

1 Қыркүйек, 03:35 1399

Қанды оқиға 29 тамыз күні Масанчи ауылында таңғы уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Күйеуі пышақтаған әйел қайтыс болды. Келіншектің қайтыс болғанын түсінген ер кісі өзіне қол салмақ болған. Өмірімен қоштаспақ болған тұрғын аман қалып, ауруханаға жатқызылды. 

Полицейлер аталған фактіні 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркеді. Тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: