Жамбыл облысының әкімі Олимпиадаға баратын спортшылармен кездесті

11 Маусым, 07:40 711

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Парижде өтетін XXXІІІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, кездесуге дзюдодан екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов, бокстан әлем, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов және олардың жаттықтырушылары қатысты.

Аймақ басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, Олимпиада ойындарында ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді.

Өз кезегінде спортшылар сөз алып, қолдау білдерген жамбылдықтарға, облыс басшылығына деген алғыстарын, жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.

Кездесуде облыс әкімі Олимпиадаға жолдама алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификат табыстады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының салтанатты ашулы рәсімінде еліміздің көк Туын ұстап шығу жауапкершілігі Асланбек Шымбергеновке жүктеліп отыр.

Жазғы Олимпиада ойындарына жамбылдық 5 спортшы лицензия жеңіп алған. Олардың қатарында еркін күрестен әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Әлішер Ерғали, дзюдодан Азия чемпионы Данияр Шамшаев, қазіргі бессайыс спорт түрінен Азия чемпионы Георгий Борода-Дудочкин бар.

Зарина Арман
Бөлісу: