Жамбыл облысының әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

22 Қыркүйек, 09:08 632

Жамбыл облысында 23-27  қыркүйек аралығында Қорғаныс министрлігінің үйлестіруімен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсаты - аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру. 

Оқу-жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын. 

Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға және де мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуға шақырамыз",-делінген әкімдік мәліметінде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: