Жамбыл облысының балалар сауықтыру лагерлерінде дәрістер өтті

20 Шілде 2018, 05:58 1880

Мектеп оқушыларының жазғы демалысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі облыстық балалар сауықтыру лагерлерінде дәрістер өткізді.

Ағымдағы жылдың шілде айында, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау мақсатында Байзақ ауданының «Бәйтерек» балалар-сауықтыру  және Жуалы ауданынының «Тау самалы» жазғы емдеу-сауықтыру лагерінде орта жастағы түрлі этнос тұрғындарына Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Альбина Тапаеваның жетекшілігімен дәрістер оқылды. Жастармен жұмыс жасауда коммуникативті және диалог алаңдарын жасай отырып, оларға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының және «Қазақтану» жобасының негізгі құндылықтарын түсіндіріп, жас тыңдаушылардың ойларына «Біртұтас болашақ», «Қазақстандық біртектілік», «Қоғамдық келісім» және басқа да ойлармен бөлісті.

Оқушылар, дәріс тыңдаушылары республика мен облыстың полиэтникалық және көп этносты тұрғындарының өмірі мен мәдениеті  туралы нақты мысалдарға негізделген инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістерді тыңдап, зерттелетін мәселелердің мәнін терең түсінуге бағытталған жаттығу сабақтарынан дәріс алды.

Сонымен қатар, рухани және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, жастардың бойында бірегейлікті және ынтымақтық қасиетін арттыру мақсатында жастар арасында инновациялық әдістемелерді қолдана отырып тренинг, балалардың білімдерін нығайтуға арналған  сұрақтар және спорттық іс-шаралар өткізілді. Нәтежиесінде жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу: