Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

4 Қараша, 17:19 457

Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды.  Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің “қылмысқа оқталу” және “адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық” баптарымен қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды. Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: