Жамбыл облысында жөндеуден өткен үйлер пайдалануға тапсырылды

31 Желтоқсан 2024, 22:47 429

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында 80 және 40 пәтерлі екі тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Біз тұрғындардың қуанышына әрдайым ортақпыз! Бүгінгі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ дарысын! - деді аудан әкімі.

Айта кетейік, баспанаға әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.

Жаңа жылды 3 бөлмелі пәтерде қарсы алу бақыт бұйырды. Арманымызды ақиқатқа айналдырған Мемлекет және облыс басшылығына алғыс білдіреміз! - дейді 5 баланың анасы Әсем Айдарбекова.

Перизат Саденова
Бөлісу: