Жамбыл облысында жігіттер интимдік сипаттағы видеоны таратпау үшін ақша бопсалаған

26 Маусым 2023, 13:48 887

Жамбыл облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоқы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты, - делінген мәліметте.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты ұстады, - делінген мәліметте.

Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: