Жамбыл облысында жер сілкінді

14 Наурыз 2023, 11:52 2333

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияға сілтеме жасап.

ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станция желісінде 14 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 09:42-де тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан, - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,1. MPV магнитудасы - 3,8.

EL.KZ
Бөлісу: