Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖамбыл облысында Қаратау тауының бөктерінде халықаралық «Қызғалдақ мұра» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлері кеңінен дәріптеліп, халықтың рухын көтерген мерекелік шараға айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
300-ге жуық қатысушы аударыспақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, жілік шағу, дәстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тарту және желке тарту секілді спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Көпшіліктің қызығушылығын тудырған бәсекенің бірі – құмай тазы жарысы. Сайыс ережесіне сәйкес төрешілер ең жылдам әрі шапшаң тазыларды анықтап, үздіктерді марапаттады. Аталған жарыс шетелдік қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Спорттық бәсекелер демеушілердің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды. Жалпы жүлде қоры 3 млн 450 мың теңгені құрады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі фестиваль соңында салтанатты түрде өтті. Фестиваль көрігін көкпар додасы қыздыра түсті. Тұлпарлар дүбірі мен шабандоздар сайысы ұлттық рухты асқақтатты.
Сондай-ақ шара аясында ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 150 ісмердің жүннен жасалған киімдер, қыз жасаулары, тұрмыстық бұйымдар мен қолмен тоқылған ойыншықтар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме – қазақ қолөнерінің байлығы мен шеберлердің шығармашылығын танытатын алаңға айналды.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова