Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

15 Наурыз 2023, 14:57 948

Меркі ауданында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен, бұрынғы аудандық тұтыну қоймасынан полиэтилен пакет табылды. Пакет ішінде зауыттық нөмірлері механикалық түрде өшірілген ИЖ қос, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сраптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: