Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

23 Қараша, 19:10 13823

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, прокуратура қызметкері 2023 жылғы 23 қарашада құзырлы ведомствоның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар  барысында ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: