Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының Тараз қаласында 3-қабаттағы пәтердің балконында өрт оқиға орын алды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"Өрт аумағы 5 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз дау 13:59 өрт жойылып, ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 14 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 бала бары белгілі болды. Өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған Жамбыл облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.  Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.