31.10.2023
22:10
1694
Жамбыл облысында КамАЗ газ тасығыш көлігі өртенді

Жамбыл облысында КамАЗ газ тасығыш көлігі өртенді

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында 20 тонналық КамАЗ газ тасығыш көлігі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы облыстық ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына сағат 16:22-де хабарланған.

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы «Сұлтан» ЖҚС маңында КамАЗ (20 тонна) газ тасығыш көлігінің өртенгендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына департамент бөлімшесінен 33 адам және 9 бірлік техника жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 20:49-да оқшауланып, 21:34-те жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығыны анықталуда, - делінген мәліметте.

Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға жол бермеуге шақырады.