Жамбыл облысында ферроқорытпа зауыты салынады

20 Қараша 2022, 14:48 1395

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров үндістандық Monnet Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар облыста салынуы жоспарланған ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасын талқылады. Зауыт жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец (FeSi75) өндірісін жолға қоймақ. Ол бойынша 450 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Зауыттың қуаттылығы – 35 мың тонна өнімді құрайды.

– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан инвестициялық ахуалды үнемі жақсартуға барынша көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілуде,-деді Нұржан Календеров.

Monnet Group компаниясының директоры Рунгта Маниш жобаның өңірдің экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімдігі мен үндістандық компания өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

EL.KZ
Бөлісу: