Жамбыл облысында этноконфессионалды жағдай мен тұрақтылыққа арналған коучинг ұйымдастырылды

18 Қазан 2018, 08:59 2568

Жамбыл облысының Шу мен Т.Рысқұлов аудандарында «Қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының этномәдени құзыреттілік және құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік коучинг өтті.

Коучинг барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат: қазіргі міндеттер және жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндіру міндеттері, сонымен қатар ұлттық код және қоғамдық сананың негізгі ұғымдарына талдау жасап өтті.

Жиында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов Қазақстан Республикасында азаматтық бірегейліктің құқықтық негіздеріне тоқталды. Жастар ұйымдарының қызметі жөнінде тәжірибе және пікір алмасу өтті, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары талқыланды.  

Коучинг соңы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Гульгина Гизатуллинаның тренингімен аяқталды. Іс-шарада облыс аймақтарындағы этноконфессионалды жағдайды талқылау, тіларалық түсіністік пен тұрақтылықты арттыру сияқты мәселелер көтерілді.  

 

Бөлісу: