Жамбыл облысында есірткімен айналысатын қылмыстық топ құрықталды

30 Қазан 2023, 13:21 955

Жамбыл облысында есірткімен айналысатын қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: