Жамбыл облысында биыл 17 миллионға жуық ағаш отырғызылады

22 Наурыз 2023, 18:02 783

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы» кешенді жоспары бойынша облыс аумағында 140,8 млн. дана ағаш көшеті отырғызылады деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жоспар аясында 2021-2022 жылдары 35,1 млн.дана ағаш отырғызылды. Ал, 2023-2025 жылдары 105,5 млн ағаш отырғызылмақ. Оның 16 миллион 655 мың көшеті биыл егіледі. Көшеттердің арасында сексеуіл, қарағаш және тағы да басқалары бар.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Данияр Башанов айтып берді.

«Бүгінгі күнге, 5670 га жерді дайындау жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі уақытта 16651,0 мың дана сексеуіл және қарағаш көшеттерін тұқымбақтардан қазу жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі орман отырғызу жұмыстарына қажетті көшет материалдарын, мекемелердің тұқымбақтарында өсірілген көшеттермен толық қамтамасыз етіледі және барлық көшет материалдардың карантиндік сертификаттары алынған»,-деді Данияр Башанов.

Мекемелер бойынша көктемдік жұмыстарға қажетті жанар – май мәселесі толық қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, облыс аумағын абаттандыру және санитарлык тазалық жөніндегі көктемгі екі айлық аясында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың 4 және 11 наурыз жұлдыздарында сенбіліктер өткізілген. Оған облыс бойынша 8700 адам қатысып, 301 тонна қалдықтар жиналды. Жалпы тазаланған аумағы 72,2 гектарды құрайды. 

EL.KZ
Бөлісу: