Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл облысында ауылдарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл өңірдің 71 елді мекенінде жалпы құны 15,3 млрд теңгені құрайтын 111 жоба іске асырылып жатыр. Бөлінген қаржыға 1 емхана, 8 мәдениет үйі, 11 спорт кешені салынып, 7 мектепке жапсарлас ғимараттар тұрғызылып, 5 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Сондай-ақ, ауылішілік 79 көшеге жөндеу жүргізілуде.
Қордай ауданында ғана 12 жоба қолға алынған. Қақпатаста – мәдениет үйі, Үлкен Сұлутөрде – спорт кешені, Сортөбеде 200 адамға арналған емхана салынып жатыр. Ауданда 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
2019–2024 жылдар аралығында облыста жалпы құны 68,3 млрд теңге болатын 957 жоба жүзеге асырылып, 186 ауылды қамтыған. Осы уақыт ішінде ондаған мектеп, емхана, мәдениет, спорт нысандары бой көтеріп, жүздеген шақырым жол мен инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып отыр.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды