21.08.2025
03:16
518
Жамбыл облысында алғаш рет өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

Жамбыл облысында алғаш рет өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

Жамбыл облысында алғаш рет ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие «Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алып, 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, табиғи паркте Қазақстанның Қызыл кітабына енген барыс, арқар, үнді жайрасы мен түркістан сілеусіні сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді.

Парк мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, жергілікті қауымдастықтардың және БҰҰ Даму бағдарламасы халықаралық серіктестердің көпжылдық бірлескен еңбегінің нәтижесінде бой көтерді.

Комитет төрағасы Данияр Тұрғамбаевтің айтуынша Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркі – табиғи ресурстарды ұтымды басқару мен экожүйелерді сақтау жолындағы маңызды қадам.

Парк экотуризмді дамытуға, экологиялық білім беруге және халықты тұрақты табиғат пайдалану ісіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлануда.