Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастады

8 Тамыз 2023, 17:48 1811

Қаратау қаласында 7 жасар ұл баланы ит талап, бет-аузын, екі аяғын қатты жарақаттаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ауруханаға бала ессіз күйде жеткізілген. Ит оның оң жақ бетін талап тастаған. Салдарынан бүлдіршін көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер оған шұғыл түрде операция жасады.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар науқасқа құтыруға қарсы вакцина егіліп, антибиотикалық ем де жасалған.

Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы жақсарып келеді. Хирургия бөлімінде әрі қарай тиісті ем-дрмын қабылдауда. Баламен аудандық аурухананың психолог мамандары жұмыс істеп жатыр, - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: